Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
129

БƏРІ БАР
Орманда не жоқ
Бəрі бар.
Алуан-алуан аңы бар.
Алуан түрлі өздері,
Білгіш болсаң, танып ал.
Жазы – жазира,
Қысы – қар,
Құлпырған небір түсі бар.
Əнге де сəнге бөлеген
Алуан-алуан құсы бар.
Құмарың қанбай ойнайсың,
Қызығып, көріп тоймайсың.
Орманда бəрі,
Бəрі бар –
Зоопарк па деп ойлайсың
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter