file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  2590


Автор: Есләм Зікібаев

ФИЗИКА ЗАҢЫ

Əрбір затта, бұйымда
Физиканың заңы бар.
Ынта қойсаң, қиын ба?
Бəрі де оңай табылар.
Күнде көріп жүретін
Қайшы бар ғой кəдімгі,
Ол өзіміз білетін
Рычагтан-ақ табылды.
Ал ара ше,
Қол ара?
Қалай қиып, кеседі?
Соны білмей бола ма:
Оның басты себебі
Үйкелісте деседі.
Соққысында балғаның
Тартылыстың заңы бар.
Басқаларын ал, жаным,
Өзің ойлап тауып ал!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу