file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  131


Автор: Есләм Зікібаев

АЛА АТЫМ

Айналайын ала атым,
Айлық жолды алатын.
Атам айтар аңыздай
Айтшы, бар ма қанатың?
Құлыныңда көрген ем,
Кезіңде де көнбеген
сылап-сипап үйретіп,
Қолымнан жем берген ем.
Тұрған жерің – Белтерек,
Барсам күнде ертелеп
Қуанғандай боласың
Мойның салып еркелеп.
Бес жас болса да арамыз,
Ұғысып тіл табамыз.
Өйткені ғой бəйгеге
Ылғи бірге шабамыз.
Шыр айналып даламыз,
Жұлдыз болып ағамыз.
Көз аудармай қарайды
Көрші үйдегі қара қыз.
Мақтауды да бірге естіп,
Сыйды бірге аламыз




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу