Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  114


Автор: Есләм Зікібаев

КӨКТЕМДЕ

Дала деген көкпең-көк,
Гүлдер қандай, көптен көп
Содан осынау жыл кезін
Атаған-ау көктем деп.
Көктем, Көктем, Көктем деп
Нұр құйылды көктен көп.
Көңіл шалқып бір сəтте
Жүре берді көкке өрлеп.
Толтырып сай-саланы,
Бал бұлақтар ағады.
Кір-қоқыстан тазартып,
Жуындырып жағаны.
Келіп көктем айлары,
Ойым, қырым жайнады.
Ұйқысынан оянып
Қырда еңбек қайнады.
Кел, қырымды көре кет,
Керемет-ау, керемет.
Тіршілікті түгелдей
Тік тұрғызды,
Не керек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу