file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  120


Автор: Есләм Зікібаев

БАҒАЙ-БАҒАЙ...

Бағай-бағай, бақ, бақ...
Тоғай-тоғай, тоқ, тоқ...
Қырларыңа гүл теріп
Келем əлі көп, көп...
Бөдененің сыбдырын,
Көделердің сыбдырын,
Тыңдаңдаршы, кəнекей,
Естір екен кім бұрын?
Бұлбұл салған əн бе екен,
Гүлнұр салған əн бе екен...
Туған жердің əуенін
Тыңдай жүрші, жан көкем.
Бағай-бағай, бақ, бақ,
Тоғай-тоғай, тоқ, тоқ...
Қырдың үсті құлпырып
Келе жатыр көктеп,
Келе жатыр көктеп!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу