file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  116


Автор: Есләм Зікібаев

Сен болмасаң – үйім де...

Сен болмасаң – үйім де,
Кететіндей тарылып,
Келмей көңіл күйім де
Жоғалады бар үміт.
Сен болмасаң – отбасым суық
Тартып кетердей.
Досым да жоқ,
Жоқ қасым –
Өмір сүру бекердей.
Сен болмасаң – өлең де
Оралмайтын секілді.
Бақыт құсым төбеме –
Қона алмайтын секілді.
Сен болмасаң – бір ісім
Оңалмайтын секілді.
Əркім мені күні үшін
Көп алдайтын секілді.
Татулықтың,
Бірліктің –
Жұбын бұзбас еш құлың.
Сенсіз маған тірліктің
Өз құны да бес тиын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу