file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  117


Автор: Есләм Зікібаев

НЕ СЫЙЛАЙЫН

Алдың-ау қылығыңмен есімді, айым,
Кем соқсам,
Артық кетсем, кешір дəйім.
Көз жауын көрген жанның алатындай
Мен саған, құралайым, не сыйлайын?
Күн нұрын,
Ай сəулесін сыйласам ба?
Білемін,
«Қымбат, – дерсің, – сый қашанда!»
Бар тірлік – қызығымды саған беріп
қойсам ба екем,
басқаға қимасам да!
Толқынын толықсыған сан арнаның
Саралап, санап жатыр санам бəрін.
Кеудемнің күйге тұнған қазынасын
Біржола берсем бе екен саған, жаным!
Айтшы өзің,
Сыйға менен не тілер ең?
Барымды ал,
Оған мұқап шетінемен.
Құлар деп қорқамысың əлде мені
Жүргенде құз-қияның шетіменен.
Ойлама не болған деп мына «шалға»,
Сен үшін су кешем бе,
қыр асам ба –
Бəрі де рахаттай көрінеді,
Құлдырап құздан биік құласам да!
Кеудемде нұрсың сепкен Күн – көбелек,
Көктемде көңілдер де гүлдер ерек.
Сүйген жүрек назы ғой,
Ол болмаса ...
Менің құрбан-ғұмырым кімге керек?!
Артық кетсем,
Кем соқсам, кешір дəйім,
Өзің айтшы,
Мен саған не сыйлайын?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу