file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  117


Автор: Есләм Зікібаев

АҚ ТҮСІҢ-АУ

Беу, менің бақ құсым-ау,
Керек кейде бəйгеде бақты сынау.
Кішкентайдан ақ түске құмар едім,
Менің есімді алған сол ақ түсің-ау!
Аппақ түсің –
Ақ қардай жаңа жауған,
Көрінеді арғы бет, жағалаудан.
Жүзіп өтсем дариядан қайтер екем,
Құс-көңіл тұрар емес саған ауған.
Көкірегім мұң мен шер толып тұрған,
Кетсем бе екем жолыңа болып құрбан?
Қарияның екі беті секілдіміз,
Бізді қалай құдайым жолықтырған?!
Жүзіп көрем,
Бар екен қанша күшім,
Күтіп көрем тағдырдың таңсəрісін.
Дарияның екі бетін алыс қылып,
Аласапыран сезіммен алыстырып,
Жаратқан ба бізді əлде аңсау үшін.
Беу, менің бақ құсым-ау,
Əрі жақын,
Əрі алыс жат құсым-ау,
Бəрібір де керек бір бақты сынау.
Кішкентайдан ақ түске құмар едім,
Іңкəр қылған мені сол ақ түсің-ау,
Ғашық болып көрмеген қайдан білсін,
Бал шырындай тəттісің, тəттісің-ау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу