file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  167


Автор: Есләм Зікібаев

ҚАРА МЕНІҢ КӨЗІММЕН

Күнде сенен хат күттім,
Елеңдедім ...
Жан күйімді түсінсең егер менің,
Хат қана емес, жеткізер саулығыңды
Құс болып ұшып өзің де келер ме едің.
Дауыл соқса,
Теңіз де шайқалады,
Жаным қалай өзіңсіз жай табады.
Ұмытам ба деп едім,
Ұмыттырмай,
Ескен жел есіміңді қайталады.
Қайталады сыбырлап тал, құрағы,
Қайталады сылдырлап бал бұлағы.
Көзден емес,
Көңілден құйылғандай
Басылмайды көктемнің жаңбыры əлі.
Жатыр қанша тірліктің сыры мұнда,
Жетер болса зердеміз шын ұғуға.
Мен білетін сұлулық көркіңде емес,
Тұрғандай ерке назды қылығыңда.
Сезім бір дерт,
Шыдамас қара нар да,
Жанға түссе көнесің,
Шара бар ма? ...
Бəрін соның ұғасың, ұғар болсаң,
Менің көңіл көзіммен қарағанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу