Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.08.2022
121
ТƏТТІ ҰЙҚЫМДЫ БӨЛДІҢ-АУ
Тəтті ұйқымды бөлдің-ау,
Бөлдің, бөлдің ...
Сені тағы түсімде көрдім, көрдім!
Ұмытам ба деп едім –
Неге, неге ...
Елесі боп оралдың сол күндердің?!
Түн жап-жарық.
Аспанда Ай батпаған...
Сен жақындап келесің жайлап маған.
Сол кестелі орамал қолыңдағы
Тұңғыш махаббатымды айғақтаған.
Түн жап-жарық.
Жұлдыздар жымыңдаған.
Саған қарап мен дағы күлім қағам.
Ай нұрына малынып көрінесің
Дəл мұндай боп келмеуші ең бұрын маған.
Еміс-еміс жетті үнің құлағыма
Секілденіп ақырын сыбырлаған.
Жақындадың –
Үш қадам, екі қадам ...
Құшсам дедім өзіңді жетіп аман.
Арадағы өзен бе?
Бөгет емес!
Шындап кетсем, сен жаққа секіре алам.
Махаббаттың азабын шеккенім-ай –
Неге, неге көріндің текке бұлай?
Қол созым жер қалғанда бір сүйе алмай,
Тəтті ұйқыдан оянып кеткенім-ай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter