file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  102


Автор: Есләм Зікібаев

ОН СЕГІЗ

Бақтар қайда,
Біз барар жақтар қайда?
Көз ілмей таң атырған шақтар қайда?
Он сегіз –
Əн дəуренім,
Сəн дəуренім
Тағы бір сыр сандығын ақтармай ма?
Таусылмайтын таңдарға назың қайда,
Самал болып желпитін сазың қайда?
Көңілімнің тозған жоқ күй табағы,
Əсем əуен қайталап жазылмай ма?
Жазылмай ма, қалқам-ау, наз қылығың –
Қызық думан өтті ме азды күнің.
Қиясына қырықтың шықпай жатып,
Күзге ұласып қалған ба жаз-ғұмырың.
Көңілден гүл-бəйшешек күй арнаған
Он сегізім тұрады қиялда əман.
Дүниеден баз кешіп өтсем деймін
Сен мəңгі қарттыққа қия алмаған.
Шалқыса сабасына сияр ма адам –
Көктемде толықсиды қиян далам.
Секілді ой-қыры өрттей лаулап
Он сегізім тұрады қиялда əман.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу