file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  176


Автор: Есләм Зікібаев

Оянып ем, түн ішінде жап-жарық

Оянып ем, түн ішінде жап-жарық
тұр ма дедім көкірегімде шам жанып.
Сен бар ғой деп сипап едім, қасымда
жоқ екенсің, қалдым босқа алданып.
Сүйдім деген бір сөзіңе малданып,
жас болдым ба, мас болдым ба алданып.
Түн ішінде төңірегімді сипалап,
іздей бердім, іздей бердім қарманып.
Іздей бердім, іздей бердім қарманып,
Тұр далада жапалақ-жапалақ қар жауып.
Себелеген ақ нұр болып көрінді ол
жақсылыққа балай бердім таңданып.
Тəтті ұйқыдан таңда аялап тербетіп
Жүректердің сезім күйін селдетіп
оятады, көшкен елдің жұртында
жапа-жалғыз қалғандаймын сен кетіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу