file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  168


Автор: Есләм Зікібаев

Жырды сүйген,

Жырды сүйген,
Нұрды сүйген жаныңнан,
Жаралдың ба алаулаған жалыннан,
Отты айналған көбелектей айналып,
Кешір, қалқа, кете алмадым жаныңнан.
Қауіпсінбей құлама құз, жарды да
Қайта айналып келе берем алдыңа.
Бəрін, бəрін ұмыттырып дүниенің
Ерке сезім еркімді ұрлап алды ма?
Күлер біреу,
Бəлкім, біреу түсінер,
Түлемесе, ұшыра ма құсын ер.
Саяткермін лашынымды аққуға
Құлдилатып көкжиектен түсірер.
Түсінсе оны түсінер –
Мен секілді сүйген, күйген кісілер.
Саған ғана кішіремін,
Кішірсем...
Түсінбесе күллі ғалам,
Түсін сен!
Айна көлдің айдынында таранып,
Жарқылыңмен жанды арбаған құсым – сен!
Махабатты көзсіз десе, сенбеп ем,
Баурап алдың жүрегімді сен немен?
Бағытынан, бағдарынан айырылып,
Ағып келе жатқандаймын селменен.
Ұғар болсаң махаббаттың борышын
Құтқарып қал,
Соз бір сəтке қол ұшын.
Білем, білем,
Айналамыз – толы сын,
Гүлің болып өсем, қалқа, сол үшін,
Құлың болып өтем, қалқа, сол үшін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу