file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  197


Автор: Есләм Зікібаев

ӨЗГЕРДІҢ БЕ

Сөйлескің де келмеді-ау,
Өзгердің бе?
Кімге дəрі,
Өтеді сөздер кімге.
Жалғыз сен бе, жаным-ау, жабырқаған,
Намысы бар,
Ары бар өзге елдің де!
Үнің қандай зəрлі еді,
Зекігендей,
Нəзік көңіл, көбесі сетілердей.
Жəй айтсаң да жайыңды білер ем ғой,
Ереуілдеп ел-жұртқа екіленбей.
Жайдарым-ай,
Жайдарман жайдарым-ай,
Қара жерде қары жоқ тайғаным-ай,
Көңілі де көктем ғой деп жүруші-ем,
Көңілімнің бұздың-ау қаймағын-ай.
Несін айтам,
Мұңымды кімге шағам,
Жалығар ма көңіл де гүлдесе əман.
Өзімнен де болды ма,
Кім біледі?
Жайып салып жанымды күнде саған,
У ішеді, əрине, білмесе адам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу