file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  114


Автор: Есләм Зікібаев

ҚАЙТАРЫП ҚАПЫРЫҚТЫ, КҮН ЫСТЫҒЫН

Қайтарып қапырықты, күн ыстығын,
Жұрт жата басталады жұмыс күнім.
Мен де бір,
Шекарада сақшы да бір,
Күзеткен Ел-Ананың тыныштығын.
Тым-тырыс шынар қала,
Мұнар дала...
Сан ойлар сапырылысып, бұлаң ғана
Кезеді меніменен тылсым түнді
Беймезгіл тоғыса алмай бір арнада.
Ой да бір,
Құйын да бір дала кезген,
Зіл батпан қайсы бірде сананы езген.
Қараймын жұмбағы мол жұлдыздарға
Қанымда қалған əдет бала кезден.
Ойдың да ауыры бар,
Жеңілі бар –
Ойнайды қақпақыл ғып мені бұлар.
Ешкім жоқ қуанышың бөлісетін,
Болмаса көңіліңнің шерін ұғар.
Болмаса да ғаламат дүр атағым,
Осылай атады ылғи бұла таңым.
Ел жата тынымы жоқ жұмыс бастап,
Ел тұра тыныстауды ұнатамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу