Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.08.2022
113

Күнде бір кеніш қазбасам...
Күнде бір кеніш қазбасам,
Күнде бір өлең жазбасам,
Маздайтын кезде маздамай,
Маздамас кезде маздасам,
Ақындығымнан не пайда?
Келген соң мына өмірге,
Көресің ылди, өрін де...
Шалалар жатты шəниіп,
Даналар жатыр төрімде.
Шырмауық өсіп көлімде,
Құрт түсіп тұнық көңілге,
Тікенек қаптап төскейді
Азайды гүлдер өңірде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇