Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.08.2022
127

Біреуді қор етесің, кем етесің...
Біреуді қор етесің, кем етесің,
Барады құрып мүлде майда сенім.
Біреудің төрт құбыласын тең етесің,
Табиғат, əділдігің қайда сенің?
Біреуді паң етесің, бай етесің,
Кедейдің көрмейтіндей кемшілігін.
Біреуді жанап қана жай өтесің,
Табиғат, қайда кəне теңшілігің?
Біреуді бықсытасың қоламтадай,
Біреуді жаратасың жалын етіп.
Біреуді жайнатасың омартадай,
Біреуді құлатасың қағып өтіп.
Барады бірте-бірте құрып мүлде
Аз еді онсыз дағы жайда сенім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇