file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  107


Автор: Есләм Зікібаев

АРМАН

Арыс өтті дүниеден,
Анасы бар –
Арман-ай,
Қу тірліктің қаттысы,
Сұм тағдырдың жалғаны-ай.
Қамшы сабы секілді –
Қысқа ғана ғұмырда
Ғазиз жанның аңырап,
Қара киіп қалғаны-ай!
Осылай ма ең, о жалған,
Алдамшы өмір мекені,
Біреу ерте өзіңнен,
Біреулер кеш кетеді.
Оған, сірə, ешкімнің
Таласы жоқ
Десек те...
Тек перзентін Анадан
Кейін алсаң не етеді.
Діңгегінде дірілдеп,
Шыр айналған жер шары,
Мекендеген сол Жерді
Біреулердің дер шағы.
Асыл ойлы Ақынды,
Азаматты алғанша
Əкетпей ме сұм тағдыр
Зұлымдарды келсе əлі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу