Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.08.2022
100
БƏРІ СЕРІ!..
Жалғанда жақсылыққа тойған ба адам,
Бірі үйленсе, барлығы той қамдаған.
Шаңырақтан шалқыған шаттық есіп,
Жауым бар деп ешбірі ойланбаған.
Сол сеніммен өмірден өтер ме еді,
Уақыт бірақ осыны көтермеді.
Жымысқы жау ұрланып келді бір күн
Балаусаны күл қылып өртеңдегі.
Қарсы аттанды жігіттер содан бəрі,
Сəні кетті ауылдың, жоғалды əрі.
Жауды жеңдік –
Бірақта көп кұрдасым
Туған елге жарқылдап оралмады.
Күндер, айлар, жылдар-ай, зымыраған –
Елу жас та келіпті бүгін маған.
Енді менің тілерім –
Жұлдырмасын
Жау оғына жауқазын гүлін далам.
Болса дағы арайлы, нұрлы аспаным
Сезем кейде көңілімді мұң басқанын.
Қиын екен келгенде жер ортаға
Жоқ болғаны қасыңда құрдастарың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter