file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  115


Автор: Есләм Зікібаев

Біреулер өсіп...

Біреулер өсіп,
Біреулер кішіріп жүр ғой,
Біреуді біреу сүйрелеп кісі ғып жүр ғой.
Өкініштісі – сондайлар өмірдің мəнін
Былайғы жұрттан басқарақ түсініп жүр ғой.
Былайғы жұрттан басқарақ түсініп жүр ғой,
Құдайға қолы жеткендей ісініп жүр ғой.
Достық деген қасиетті ұғымның дағы
Туын жерге жыққандай түсіріп жүр ғой.
Тоғышарлардың кеудесін кейде үріп желік
Мықтының өзін кеттім-ау дейді ұрып жеңіп.
Шоқ түскен жандай ішіне шыжбалақтайды
Былайғы жұрттың ерлігін, елдігін көріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу