file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  134


Автор: Есләм Зікібаев

КҮНІМДІ ҚАРАТПАҒЫН

Жаманға ісің түссе егер –
Жар-жаһан тұрғандай-ақ уысында,
Пенде боп көрмегендей туысында,
Тұрады зауқы соқпай сөйлесуге,
Жақындап сеніменен жұғысуға.
Паңси ма,
Пəлсіне ме көкке қарап,
Кей ісіңді еске салып өткен ағат,
Өзінен өзге білгір адам жоқтай,
Сөйлейді ақыл-ойын көпке балап.
Байқатып басқаларға өкімдігін,
Моралін өз əлінше оқыр бүгін.
Сөйлейді көп атынан көсемсініп,
Алғандай дүйім елдің өкілдігін.
Осылай кейбіреулер балақтағы
Басқа шауып,
Жанға дақ салад тағы.
О, тəңірім, алсаң ал – бергеніңді,
Тек сондайға күнімді қаратпағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу