file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  109


Автор: Есләм Зікібаев

Жұрттың бəрі жарына арнап жыр жазуды машық қып...

Жұрттың бəрі жарына арнап жыр жазуды машық қып,
Былай қалды ақындағы алау сезім – ғашықтық.
Содан ба екен,
Бұл күндері серпілуді сейілтіп,
Киноға емес,
Жұмыс бітсе үйге қарай асықтық.
Көше бойы тұнып тұрған сұлулыққа қарамай,
Зытамыз кеп –
Мектептен соң үйге асыққан баладай.
Жас кездегі жақсы құрбың жол-жөнекей жолықса,
– Жүр, шығарып салайын, – деп айтуға да жарамай.
О, тəңірім,
Бойға біткен батылдықты кім алған,
Жасқаншақтық бізді күтіп тұратындай кіл алдан.
Көңіл үшін көлгірсіген өлең арнап,
Жарыңды
Алдарқатып күн кешуді қалай ойлап шығарған.
Қарап тұрсаң,
Елден асқан дана соның əйелі,
Ең ақылды,
Ең ардақты Ана соның əйелі.
Ал басқасын былай қойып –
Қыз Жібек пен Баяндар
Тең келмейтін қаса сұлу –
Жəне соның əйелі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу