file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  122


Автор: Есләм Зікібаев

ҚҰРМЕТТІ ƏНЕКЕ!

(Ə.Тілеулесовке)
Тіршіліктің тартысы мен талқысы,
Көктем, жазы, күзі менен бар қысы.
Соның бəрін шынықтырған асылсың,
Асылдарға 60 деген түк емес,
Еңсегейлі ер жігіттің тал түсі.
Жүйрік аттай бəйге тілеп жараған,
Жақсы өнегең жалпақ жұртқа тараған.
Газеттер мен журналдардың атасы
Сен өзіңсің,
Бəрі аузыңа қараған!
Шым болаттай суырылып шыңдалған,
Жүрегің бар шайлықпайтын шыңдардан.
Үнпарақпен күн-күн сайын тілдесіп
Алғыс алған миллиондардан, мыңдардан.
Москвада жігіт болып ер жетіп,
Күш атасын тасқындатып селдетіп,
Күрестерде жан келтірмей бетіңе
Жүрдің талай бас балуан атанып
Ата-қазақ аруағын тербетіп.
Дейді халық –
«Күш атасын танымас,
Баталы құл өсер, өнер, арымас!»
Алпысыңда қиып түсер алмастай,
Сұлуларға көрінесің əлі жас!
Жылтыр мұзда жүретіндей нар таймай,
Қиын кезде олқы тартып ортаймай.
Жүз жасында жыр дүлдүлі атанған
Жамбыл атаң секілді –
Ортамызда жүр, Əнеке, қартаймай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу