Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  131


Автор: Есләм Зікібаев

ЕРЕНҒАЙЫП ШАЙХУДИНОВКЕ

Тамара жеңгем ұрпақты біздей өсірген,
Ұлағаты мол ұстаз деп ұғам сосын мен.
Осы кісілердің тəрбие-тəліміменен
Келеміз қалмай уақыттың ұлы көшінен.
Байсалды Ана,
Рамазанның əжесі,
Бүгінгі тойы – жоралғы жолы, кəдесі.
Қуанышы мол күндерден мынау шала мас,
Шаттықтан шалқып жүргендей кірмей əлі есі.
Жігері тасып,
Сұлуға ғашық Ерағам,
Билейді тойда Ерағам,
Билейді тойда қыздардан бардай дəмесі.
Билей бер, Аға!
Тойларың алда əлі көп,
Арайлап атар арманның ару таңы көп,
Жүресіз жиын-тамашалардың сəні боп,
Кімменен қайда билесеңіз де бəрібір.
Айтады осы Тамара жеңгемнің жары деп!
Бодан күш қайтып,
Кетпесе қарттық күйретіп,
Аруларды əсем қолтығыңызға қысып билетіп,
Билей беріңіз,
Рамазанды да жігіт қып,
Жүрерсіз əлі вальске сазды үйретіп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу