file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  179


Автор: Есләм Зікібаев

Арақ ішкендей «бір қазан» –

Арақ ішкендей «бір қазан» –
Бола бермейді кіл мазаң.
Содан да ма екен,
мең-зең боп
Айқыш-ұйқыштау жыр жазам.
Өмір-бəйгенің төрінде
Бірде қаламын, бірде озам.
Аз деңдер,
мейлі, көп деңдер,
Алыстығындай көк пен жер,
Жеткізбейді енді өткендер.
Өкпем де жоқ, айтып
өкпе деп
Дел-сал жүрсің деп,
сөкпеңдер.
Бірін де сөкпен, сынаман,
Бəрі де сыйым, сыбағам,
Тағдырдан болса, құла, алам,
Тəңірім берген сыбағам.
Құлармын құздан, жырадан,
Өкпе айтпайсың, сірə, оған.
Өзгеге берер күйім жоқ
Тек өзімдікі құла, алам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу