file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  122


Автор: Есләм Зікібаев

Мінезім де, ісім де көзге қанық...

Мінезім де, ісім де көзге қанық,
Жетпегендей осында өзге халық,
Мені несін қасыңа шақырасың –
Алабөтен қайтесің сөзге қалып.
Айту – парыз!
Құтылдың парызыңнан,
Жолдастықтың, достықтың қарызынан.
Ер болып көріну де ел көзіне
Əйел тұрмақ, еркекке тəлімі заң.
Өкпем де жоқ,
Өкпе айтар кімің ем мен,
Мендейлердің алдыңа мыңы келген.
Қайдан жетсін құдіретің көтеруге
Бəр-бəрінің көңілін күңіренген.
Жетпейді,
Сен де адамсың, расында
Хақың бар алда тағы қыр асуға.
Мен үшін беделіңе дақ түсірме,
Құлашың жетпес жерге құлаш ұрма!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу