file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  135


Автор: Есләм Зікібаев

ЖЫР ДА – ГҮЛ

Сағынып кеп ем,
Сағынған сол бір қалпымда
Ұрынып қарға, дауылды күзгі салқынға,
Жаутаңдап тағы кетем-ау, жаным, қия алмай,
Жəудіреп сен де қаласың қимай артымда.
Сен мұнда күйіп,
Мен онда от боп жанармын,
Қарармын жолға тауысып нұрын жанардың.
Сағыныш деген сарғайтып сана-сезімді,
Күндерді емес, минуттарды да санармын.
Асығып келіп,
Барамын қайтып асығып –
Шалқыған көңіл қалады-ау қайта басылып.
Жанымды тегіс жеткізіп айта алам ба,
Өзгені қойып, өзімнен жүрген жасырып.
Қас қағым сəттей қысқа еді неткен бұл қызық,
Талпынған жүрек бір суып сəтте, бір қызып.
Өзі гүл жанға қызығы болмас гүлдің де –
Жанымнан, жаным, берейін бір шоқ жырды үзіп!
Жауқазын сынды,
Түсінген жанға жыр да гүл,
Өспейді бақта, өспейді тауда, қырда бұл.
Сен үшін ғана кеудемде жүргем аялап,
Сағынған шақта сырымда содан тыңда кіл!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу