Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.08.2022
170

КӨГЕРШІН КӨҢІЛ
Көгершін көңіл ұшады бірде, қонады –
Құлдилап төмен, шырқайды қайта жоғары.
Шалғайда –
Шалғын төсінде қалған жастығын
Іздейді тынбай,
Таба алмай жүр-ау соны əлі.
Таба алмай жүр-ау,
Таптырсын қайдан сал дəурен,
Шағала құстай үдере көшіп самғаумен,
Өтеді уақыт, керуен-күндер тізіліп
Айларды – айға,
Жылдарды жылға жалғаумен.
Оралып көктем, жалғассын жазға күз, мейлі –
Көгершін көңіл үмітін бір сəт үзбейді.
Ғажап-ау мына тірліктің заңы бітпейтін,
Жалындап жүрек жастығын қайта іздейді.
Таусылмас арман –
Алдыңнан мың сан жол шығар,
Сол жолда сенің серігің бекем – болсын Ар!
Адамды дəйім Өмірге ғашық қылатын
Көгершін көңіл – Пірің де сенің сол шығар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇