file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  151


Автор: Есләм Зікібаев

САҒЫНДЫМ

Ол кезде мен де шырын ем,
Бір күнім қызық бірінен.
«Жаныммен сүйген сұлуға,
Сыйласам таудың гүлінен»
Деген бір ғажап қиялмен
Қияға беттеп шығып ем.
Мұндайды бұрын кім білген,
Алақаныңда ойнап күн күлген,
Бір гүлі нəзік бір гүлден,
«Сүйіктім қайран қалсын» деп,
Гүлдесте жинап жүрдім мен,
Нұр десте жинап жүрдім мен.
Жалған дей алар кім мұны?
Мен білген сырдың шындығы –
Осы тұс – жердің кіндігі
Нақ осы тұста барынша
Тоғысқан сыңды Күн нұры.
Толқытып көңіл кестесін,
Жібектей самал ескесін.
Жинадым гүлдің дестесін,
Сыйладым нұрдың дестесін.
Қаншама жылдар өтсе де,
Сол бір шақ, əлі естесің.
Ақ сəуле сынды бір сағым,
Естесің əлі гүл шағым.
Жастығын қатты сығынар,
Өткенге мойын бұрса кім!
Тірлікте –
Бейне шағыл құм
Шыңдалдым,
Кейде шағылдым.
Қайралып бірде алмастай,
Тасқа да бірде шабылдым.
Бəрібір сонау өткенді
Гүл терген майса көктемді
Сағындым, достар!
Сағындым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу