file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  132


Автор: Есләм Зікібаев

БƏРІН ҚАЗІР ТҮСІНДІМ

Даладағы қызғалдақтар – даладағы арулардай,
Күміс шығы жанға түскен кір-кірбеңді жуғандай.
Шалқып тұрған шағым мынау,
Мақтанады дей көрмеңдер,
Қызығы мол дүниеге бүгін туғандай.
Тына қалды дауылды күн,
Тына қалды желді күн –
Жеке-дара менікісің,
Менікісің сен бүгін.
Тар қапаста ұстап келіп өмір бойы өзімді,
Бүгін ғана сезгендеймін кең дүниенің кеңдігін!
Жарым мысқыл жалғаны жоқ,
Жалғаны жоқ сен, күнім!
Құлдырап та кете алмаппын,
Ұшпаппын да аспандап,
Жүре бергем секілденіп бұйдаланған жас тайлақ,
Қазір менің кеудемдегі қызуыма қойсаңдар,
Сел-сел болып ағар еді тарам-тарам тас қайнап.
Шалқар дария,
Шаңқан дала,
Қарқара тау,
Қара орман,
Құба жонның бал құрағы сал самалмен таранған,
Бұлбұлдары таңғы əуені тəтті əнімен тербеткен ...
Тек сен үшін,
Тек мен үшін жаралған.
Айлы аспан,
Жарық жұлдыз,
Төбемізде тымық түн,
Маспын бүгін,
Жаспын бүгін, кешіре көр, қылықтым.
Өмір бойы көр кеуде боп, еш нəрсені ұқпаппын,
Қия басып жұрт көрердей қияға да шықпаппын,
Ұқтым енді,
Ғашық болу – бақыт екен,
Шын ұқтым.
Көзімді ашып,
Көңілімнің шəй пердесін түсірдің,
Мұңлы əуенің жүрегімді баурап алды, құс үндім.
Тас керең боп келген екем,
тас бекітіп кеудемді,
Түсінбеп ем ештеңені,
Бəрін қазір түсіндім,
Бəрін қазір түсіндім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу