file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  129


Автор: Есләм Зікібаев

Жадырап күлгенменен, жаным жара...

Жадырап күлгенменен, жаным жара,
Байлығым – осы ортада барым ғана.
Ішімді ашып көрсеңдер – жыртық, тыртық,
Көп шарпылған шоққа да, жалынға да.
Алпыс бес жыл! Білмеймін қалай өтті,
Алдымды орап жүгірді талай епті.
Қайранмын қалт-құлт етіп жүргеніме,
Өткеріп бір басымнан тамам өртті.
Əкеден жастай қалып, жетіліп ем,
Өрттен соң өскен гүлдей шеті кілем.
Ананың да азасына бас имедім,
Бəрінен де жаныма жаман батты
Айрылғаным қаршадай екі ініден.
Тағдыр иіп еңсемді жүрелеткен
Кезде де қайта тұрдым түрегеп мен.
Тірлігімнің белгісі əзір-əзір,
Шүкіршілік, соғып тұр жүрек еппен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу