file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  131


Автор: Есләм Зікібаев

Үзілтіп, сызылтып бір əн салғаның...

Үзілтіп, сызылтып бір əн салғаның,
Менің саған телміріп-тамсанғаным
Бақыт екен іздесем таптырмайтын –
əн сал, жаным, төгілтіп əн сал, жаным.
Əн сал сен, үзбе əніңді, əн сал, жаным,
Жаныңның əнге көміп бар салмағын.
Ұнап отыр телміріп-тамсанғаным,
Əн тербеген ақ таңды қарсы алғаным.
Əн сал, жаным, алысың, жуығың да...
Ұласып жүрегімнің мұңы мұңға,
Қалғып кеткен қалпында тұғырында,
Ұмытқайсың ыстығын, суығын да,
Шайқалмай тұрсын таза-тұнығымда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу