file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  168


Автор: Есләм Зікібаев

ДОСҚА СЫР

Кетеді қауқар сенен де бір күн, менен де,
Сүлдерің қалып қауқиған анау денеңде.
«Алмастың асыл жүзіндей еді-ау!» – деп қалай
Айтармын бұрын көрмеген мынау сені елге.
Айтар-ақ ем-ау жеткізіп мынау сені елге,
Сөз таппай тіптен қиналар ем-ау теңерге.
Алтынның құнын қолында барда білмейтін
Зердесіз жандар зеріңді көріп сенер ме?..
Жүрісім – ауыр, жолдарым – қия, өр менің,
Есікте кім қап, озғанын сонау төрге кім
Көз бар болғаннан, амалсыз талай көргемін,
Сөз бар болғаннан, сөйлегем, талай өлгемін.
Болмаса түптеп шықпай жүргені бір үкім,
Өлгенмін, достым, қауқиған қазір рухым.
Сөзді сөз арбап, көзді көз алдап жатқандай,
Кірпік іле алмай аңдимын соны күні-түн.
Қасарып қарттық ойды да, бойды дендейді,
Өзімді өзім алдағым, сірə, келмейді.
Сен де от едің, мен де от едім, қайтесің –
Бүгін айтқанмен бəрібір ешкім сенбейді,
Сенбейді жəне УАҚЫТТЫ адам жеңбейді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу