file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  149


Автор: Есләм Зікібаев

ІНІ СҰРАҒЫНА ОРАЙ

Деймісің бұл ағаңа
– Қалың қалай?
Жіліктеп айтам, жаным, бəрін қалай,
Алысар ауыздықпен асау күн жоқ –
Тартамыз тағдыр жүгін арындамай.
Көтеріп, қошеметтеп қос ағасын,
Жүреміз арыннан қол босағасын.
Шал болып шау тартқан бұл шағымызда
Күзетіп ұйғыр, корей босағасын.
Қазақтың қара шаңырақ Одағы еді,
Арнасы арманымның толы-ақ еді.
Басқаға барымыздың бəрін беріп,
Өзіміз сырт қалмасақ болар еді.
Күйбің-күйбің көңілге күй келмеген,
Ашиды тұз басқандай күйген денем.
Төрдегі басымызды доп қып ойнап,
Келеміз есік жаққа сүйреуменен.
Көңіл шерден, бас ойдан босағасын –
Жақсы, жаман... бəрін де хош аласың.
Өзім де ұқпай, өзгеге де ұқтыра алмай,
Келемін түсіне алмай осы арасын.
Қапы жоқ басшылықтың шешімінде,
Тілімнің тартып жүрмін кесірін де.
Құрметті демалысқа кетер ме екем
Отырып əркімдердің есігінде




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу