file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  138


Автор: Есләм Зікібаев

ӨЗІҢДЕ ЕМЕС ӨЗ ЕРКІҢ

Ой ортайып, ми қартайып, күш кеміп...
Өзіңді өзің танымастай тістеніп,
Ұзақ таңға кірпіктерің айқаспай,
Қалғып кетсең, дөңбекшисің түс көріп.
Құс мамықта рахаттанып жата алмай,
Таң да саған сағындырып атардай.
Төсегіңе тас толтырып қойғандай,
Жамбасыңа кесек болып батардай.
Рас, адам тіршілікке тоймайды,
Біреуге – той, біреулерге ой қайғы.
Тəңірінен ұзақ ғұмыр сұраған
Пенде шіркін, біле алмадым, не ойлайды.
Тасбақа да, мың жасаған қарға да...
Сол ғұмырда қандай мағына – бар баға?
Ездің емес, ердің тіршілігін бер
Деп құлдық ұр, құлдық ұрсаң Аллаға.
Əу бастан-ақ өлшеулі адам тірлігі –
Аз еді деп айта алады кім мұны.
Қыршын ғұмыр –
Сол ғұмырда ұққанға
Ұлағат пен ұлылықтың бірлігі.
Айта берсең,
Ғибрат көп, мысал көп,
Өрелі ойды өзімшілдік тұсар кеп.
Қиялыңның қос қанаты қайрылып,
Ұша алмайсың кейде биік ұшам деп.
Бір қарасаң –
Ойың еркін, сөз еркін...
Еркіндіктен тірлігінде безер кім?
Құрық үзіп кетпесіңді қияндап,
Жүр қиялдап, əзір оны сезер күн,
Бəрібір де өзіңде емес өз еркің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу