file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  140


Автор: Есләм Зікібаев

ІШТЕН ЖҮДЕП...

Бір адамдай бойымда барды мен де
Көрсетсем деп алау боп жандым елге.
Бəрі соның алыстап қалды демде...
Бір аттап алға бассам, екі қадам
Кейін қарап жүргендей күй кешемін,
Түсінбедім, артым – құз, алдым өр ме?
Жаның сыздап тұрған соң, жүдемек көп...
Бұрынғыдай шарқ ұрмай, жүрем ептеп.
Ішпей-жемей, Ай-Күннің аманында
Шыға келдік айтулы мүгедек боп.
Біреу кетсе танымай, бірі елеп кеп
Сəлем беріп жатады шын өбектеп.
Ел алдына шығандап шықпасам да,
Өз бағамды, шүкірлік, білем ептеп.
Өз бағамды əйтеуір білем ептеп,
Аршып алар асылын кім електеп.
Күн-күн сайын қиындап бара жатыр
Сəлем беру ағаға түрегеп кеп.
Шамадан тыс шарпысып күш пен білек,
Іскен жүрек, додаға түскен жүрек.
Ашуға да, басуға құлқың соқпай,
Отырғаның омалып, іштен жүдеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу