file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  197


Автор: Есләм Зікібаев

Даурыққыштар, даурыққыштар даурығып...

Даурыққыштар, даурыққыштар даурығып,
Басымызға қара қанды жаудырып,
Басымызға қара қанды жаудырып,
Досты досқа айдап салды жау қылып.
Даурыққыштар, даурыққыштар даурығып,
Көп аңсарын басқа арнаға аудырып,
Оңтайына келген тұста тартынбай,
Көрсетеді төбешігін тау қылып.
Көкірегіне орнай қалса таршылық,
(Өмірде иə, ондай сəт те баршылық)
Біреулердің ұлан-асыр теңізін
Көп көзіне көрсетеді тамшы ғып.
Жалпақ елге жақсын, мейлі, жақпасын...
Əділеттің қағып келем қақпасын,
Көре тұрып, біле тұрып: «Барды – жоқ,
жоқты – бар!» – деп көлгірсуден сақтасын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу