file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  124


Автор: Есләм Зікібаев

АЙЫП ПА

Жаныма көргеннен бе жақын бəрін,
Оқимын əр заманның ақындарын.
Кеудеме ұялатып ақылдарын,
Жырларын, өсиеттерін, нақылдарын...
Ортақ мұң, ортақ қайғы, ортақ арман...
Бəр-бəрін бір тіршілік ортаға алған.
Соныдан соқпақ салам десем дағы,
Соларға соқпай өтер жол таба алман.
Құлағын тыңдағанның елеңдетіп,
Бірі айтқанды басқасы тереңдетіп,
Асан баба бастаған ұлағатты,
Бұхар жырау жеткізген кемелді етіп.
Жанақ ақын, Шал ақын, əрі-əрі...
Жырдан десте жинаған бəрі-бəрі.
Алтын, ақық – гүлжиһаз арасында
Сөзің түгіл, көзің де жаңылады.
Абайы бар, Ақаны, Біржаны бар,
Көкірегіңді аша бер жырға құмар.
Қазақтың өзен, көлі, тау, даласы...
Түп-түгел ақын десе кім жаңылар.
Шарасын шабытымның шайқаған сан
Сəттерде албырттықпен байқамасам,
Ақын ел, ақын жерде бірге жүріп,
Айып па кейде бірін қайталасам?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу