file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  140


Автор: Есләм Зікібаев

АРНАЛҒАН АЛҒЫСПЕНЕН...

Оранып қошеметпен күнде гүлге,
Жастықтың желеуімен жүргенімде,
Анамдай ана болған, пана болған
Білдім бе қадіріңді, білмедім бе?
Атқанда нұрға оранып арай таңым,
Шұғыладай дүниеге тарайды əнім.
Сен тыңдап отыр ма деп сол сəттерде,
Сəбидей алаңдаймын, қарайлаймын.
Жетелеп арман-қиял атымды алға,
Алатау биігіне шақырғанда,
Тəңірдей табынарым өзің ғана
Ең қымбат туыстан да, жақыннан да...
Тəңірдей дүниеде табынарым –
Өзіңе шын берілген жаным, арым.
Қасыңда жүрсем еркін еркелеймін,
Сəл шырқап шалғай кетсем сағынамын.
Жалғасып күн артынан күн келеді,
Қызғалдақ таң нұрымен гүлденеді.
Қуанып жас балаша сен болмасаң,
Жан апа, соның бəрін кім көреді?
Арналған алғыспенен шырын əнім,
Балаңның айтар шыны, сыры мəлім.
Шілдеде көлеңкеңнен сая тауып,
Қаңтарда мейіріңнен жылынамын,
Жы-лы-на-мын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу