file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  102


Автор: Есләм Зікібаев

БЕЙЖАЙ КЕЗДЕ...

Адамын қуаныштан, қайғыдан да –
Серт қойып сезім менен айныған ба?
Асаудай жүген-құрық салдырмаған
Бір күні арманнан да айрылам ба?
Өмірде ер білместі ез біле ме,
Еңсемді қорғасын ой езді неге?
Арбасқан алмағайып ағайындар
Тірліктің қызығынан бездіре ме?
Бөрідей ішін тартып күз ұлыған,
Тірліктің бездіре ме қызығынан?
Жазмыштың кім құтылған құрығынан,
Қашам ба құдыреттің құзырынан?
Қайтқан бет, қалған көңіл бəрінен де,
Өмірдің бұрынғыдан əрі кем бе?
Серіппейді сезім-қанат қауырсынын,
Тағдырға мойынсұнған кəрі мен бе?
Жауа алмай ауған бұлттай жауамын деп,
Желге ұстап желкенімді ауамын көп.
Түн қатып отырамын мың сауалға
Мыңғырған көп ойлардан жауап іздеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу