file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  123


Автор: Есләм Зікібаев

КӨҢІЛДІҢ АЛАҢЫ КӨП

Жазсам-ау деп келіп ем осы жерге,
Оралмай жүр көңілімнің хошы демде.
Көрінер ме қылығым тосындай боп,
Сырларымды ұқпаған тосын елге.
Айтыңдаршы, не сыр бар осы менде,
Өзіме-өзім кектеніп өшігем бе?
Азап тілеп алғандай қара жанға
Мың көшірем, мың қайра өшірем де.
Күлтеленіп кеудеме тола ма үміт,
Алданамын əрнені жора қылып.
Сезім шіркін салады сергелдеңге,
Ішін тартып тұрғандай боран ұлып.
Алабөтен тағдырдан сый тілеген,
Білмей қойдым көңілім күйкі неден?
Əлденеге қойғандай алаңдатып –
Беймезгіл шəуілдеген итіменен.
Ішім от боп жанады, жанады кеп...
Үміт кеміп, күдігім бара ма үдеп?
Өзге түгіл, ұқпаймын кейде өзім де,
Бұл көңілдің əйтеуір алаңы көп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу