Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.08.2022
112

Қалғандарым...
Қалғандарым,
Жоғалтып алғандарым...
Көп-ақ екен, айта алсам арман бəрін.
Ой-безбенге салмаппын салмақпенен,
Өмірімнің ақиқат, жалғандарын...
Қараны да ақ деппін, адасыппын,
Таласпайтын тұста да таласыппын.
Жөнсізімді жосықсыз жөн көрем деп,
Көкіректеп көпке да дара шықтым.
Үміт семіп, ой кеміп, сезім де өлді...
Ақты қара жеңгенін көзім көрді.
Қарсы қойып өзіме өзімді енді,
Тірі жүріп өлген де кезім болды.
Ойдың да ортайғаны – қартайғаның,
Білемін нұрлы беттен əр тайғанын.
Өткенді санаменен санап тұрып,
Армандай түседі еске қай-қайдағың.
Санамда бəрін-бəрін салмақтағам,
Жұбанышым – кезім жоқ арды аттаған.
Өмірге де өкпе айтар жан емеспін,
Өтеді əркім, шайтан боп қалмақ па адам.
Мəңгіліктің заңы осы, күнім жетсе,
Өлімге де қыранша самғап барам!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇