file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  132


Автор: Есләм Зікібаев

КӨҢІЛІМДЕ ӨКПЕ КЕТТІ

Мына жұрттың айта ма бəрі өтірік,
Қара жолға қараймын əлі отырып.
Қажыдым ба, қабақта кірбің қалың –
Ертерек кетпегенге сəл опынып.
Ежелден ел дəстүрі, сірə, мəлім,
Мен бірақ ешкімді де сынамадым.
– Алыстан келіп жатқан ауылыңа
қонақ ем, қонақ қыл, – деп сұрамадым.
Іздеп кеп сəлем бердің. Рахмет!
Сол көңілің сан сыйыңа тұратын ед.
– Тос! – дедің, күн бойына тосып жүрдім,
Осының болды маған бір ақырет!
Білемін, кісі күні кісімен ғой,
Кішірсең, ертең мен де кішірем ғой.
Жəйің болмай қалса, жəй айтпадың ба,
Біреудей сөз орайын түсінем ғой.
Біреудей түсінем ғой сөз орайын,
Жəйің болмай қалды, оны сезем, айым!
Бірақта ертеңіне бір уəжін
Айтпадың, соған қайтіп төзе алайын.
Қайтемін қазбаланып, өткен өтті –
Қазбалаған жанға сөз көп керек-ті.
Көрісіп-көріспеспіз енді айналып,
Көңілімде тек бір түйткіл өкпе кетті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу