file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  128


Автор: Есләм Зікібаев

Естен танып жатпайсың күнде тегі...

Естен танып жатпайсың күнде тегі,
Жоғыңды іздеп ой шіркін індетеді.
Жұқа көңіл жарымкеш, түгендейсің
Көңіл сұрап кім келіп, кім кетеді.
Жайшылықта елемей жүрсең дағы,
Жылы қарап жымиып күлсең де əлі,
Ауырғанда аңсайсың ағайынды
Кейбірінің келмесін білсең де əрі.
Есепке алып жекжатын, жамағатын,
«Бажа жақын, – дейтін-ді, – бажа жақын»...
Жақындықта жоқ одан оза алатын,
Маған да оның ер емес, езін берген
Қауқары жоқ қол ұшын соза алатын,
Туысты адам алмайды таңдап-сұрап
Көрсетпей тіршілікте жаманатын
Аман жүрсінші əйтеуір «азаматым».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу