file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  121


Автор: Есләм Зікібаев

ӨМІР-МАЙДАН

Күнде – шабыс, түнде – шалыс...
Өмір-майдан шебінде,
Талайларға кетіп жатыр кегім де,
Біреулердің шекпенінде, шенінде
Қаным, терім менің де...
Құмға сіңген судай болып сенім де
Жоғалады, тоналады күн сайын,
Соның үшін қай бейбаққа ұрсайын?
Қайбіреулер ұмытады өз атын –
Темірге ұқсап үйкелістен тозатын.
Басы жұмыр пендемін,
Бəлкім-бəлкім, көп нəрсеге кендемін,
Тозар солай, тозар қамал-шебім де,
Мəңгі тұрар ештеңе жоқ тегінде.
Майдан, майдан... Тек соғыста болады
Десе біреу, түсінбепті ол əлі,
Ақпан, қаңтар айларында ыстықтап,
Тамыз бенен шілдеде де тоңады,
Маңдайының арылмаған соры əрі.
Кейде тіпті мылтықсыз,
Нысанаға ап мүлтіксіз
Жаһаннамға аттандырып жатады.
Дос боп жүріп, сырттан алдап сатады.
Болмаса да алым-берім шатағы,
Ғажап бəрі, ғажап сырттай қараса,
Егер жауын қаласа...
Қапылыста мылтықсыз-ақ атады.
Өмір-майдан шебінде –
Тауда, суда, құмда жəне құрлықта...
Зұлымдыққа, сұмдыққа,
Жатып атар қулыққа...
Болмағаннан икемім де, ебім де
Талайларға кетіпті есем менің де.
Талай мəрте жүрегімнен қан да ақты,
Талай мəрте тістеп қалдым бармақты,
Бір жіберген қателігім өңін сəл-сəл өзгертіп,
Соңына ылғи гу-гулеген сөз ертіп,
Басқа тұстан шыға келді, алдапты.
Өмір-майдан қапы кетер кезіңді
Іздейді екен, соны жаным сезінді.
Біреулерге жақындасам қаншама,
Біреулерден сонша қашып-безіндім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу