file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  121


Автор: Есләм Зікібаев

ҮЗІЛМЕЙДІ ҮМІТ

Фəни тірлікпен хоштасар сəтте де əлсіреп,
сандырақ ойлар біріне бірі қайшы кеп,
жүретін жолын айқындай алмай адасар
ақылды көп пе, ақымақ көп пе, қайсы көп?..
Тарам да тарам... көп еді неткен ой қандай,
болдық-ау осы ойлардан мезі, тойғандай,
жамандықты да, жақсылықты да жасаймыз
біріне бірін жау қылып əдей қойғандай.
Алатын жанын алатын тəңірім алсын-ақ,
дейсің-ау кейде шатасып ойдан сансырап.
Мең-зең боп басың, көзіңнен жасың тамшылап
жатқаныңда да үзілмейді үміт-шамшырақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу