Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  79


Автор: Есләм Зікібаев

ЖАЙЫМДЫ ҚАЙСЫ БІЛЕДІ

Тұра тұр, құлыным,
Тұра тұр əзір сөйлемей –
Қызықтап бəрі балдырлата ма?
– Қой! – демей.
Қайтейін, бал-бұл тіліңе мен де қызығам,
Қызғана жүріп үйдегі ұлым, қызымнан...
Сөйтсе де тағы қайсы бір суық көздердің
Сескене берем сұғынан, суық сызынан.
Сескене берем,
Елуге жасым жеткенде –
Ата боп осы немере сүйген тек мен бе?
Ботаны бүркеп жабулап қана ұстайтын
Атамдай əлде ырымшыл болып кеткем бе?!
Күледі маған,
Ұл-қызым бəрі күледі
– Атасы-ау, сонша жаманың мына кім еді?! –
Дейді кеп шіркін,
Қытығыма əдей тигендей,
Иттер-ай,
Менің жəйімді қайсы біледі.
Атасыз өскен əкелеріңнің тілегі –
Ата боп көру көп арманының бірі еді.
Ақылдары көзінің алдында жүрген күшіктер
Күледі –
Бірақ жəйімді қайсы біледі?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу