file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  200


Автор: Есләм Зікібаев

ЖАРАЛЫ-АҚ БОП ӨТЕЙІН

Жақсы ағалар, қамқоршы, жанашырлар,
Дарасыңдар, əрқайсың данасыңдар.
Аға деген бір ауыз жылы сөзде
Қаншама үйлесім бар, жарасым бар.
Үйлесім бар қаншама, жарасым бар,
Алыстан бой көрсетер дара шыңдар.
Көлбеңдеген көбелек көңілімді
Ғаламат, сəтте баурып аласыңдар,
Барған сайын жақын боп барасыңдар.
Биігірек көтеріп дем берерге,
Туған аға болмады менде, менде...
Жоқтаттырмай, жанымды жабырқатпай
Ризамын сендерді берген елге.
Оқи-оқи таптық қой білім жағын,
Кім өзгертер тағдырды, ғұмыр заңын.
Тумаса да туғандай қамқор болған
Сендерді берген елге ризамын.
Жаралы-ақ боп өтейін жаралансам,
Тағдыр-бөрі күшіктей талаған сан.
Бəз біреулер оқ атып отты көзден
Шошытатын жақындап бара қалсам.
Жаралы-ақ боп өтейін жаралансам,
Көп нəрсеге бəрібір ауар аңсам.
Жөн таппасам жерім жоқ басқа барар,
Мен бəріңе ризамын, жақсы ағалар,
Іздеріңмен жүрейін шамам келсе,
Іні боп ілесуге жарай алсам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу