file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  219


Автор: Есләм Зікібаев

ТҮЛКІ ҒҰМЫР

Бар қылғанмен адамды адам алдап,
Дарымайды жапсырып-жамаған бақ.
Баз біреулер ұмытып тəңірісін
Өзіне өзі құдай бола қалмақ.
Сағат сайын адамды адам арбап,
Көз алдыңда құбылып-жаңаланбақ.
Өз орнында біреуі құмша шөгіп,
Бой көтеріп біреуі дараланбақ.
Көкежандап, жалпақтап ағажандап,
Таптырмайтын туысы болады алдап.
Түлкі тірлік жараңа жара жалғап
Бірте-бірте жаныңа нала жаймақ,
Көлгірсісе көкірегін жадағайлап
Алардайсың арыңды арам арбап.
Ойлай берсем, өмірім күлкілі кіл,
Тəннің тысқа көрінер жыртығы жүр.
Тындырғаның пісілі-шикілі бұл,
Айдың-күннің аманында адастырып
Қайда бастап барасың, түлкі ғұмыр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу