file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  126


Автор: Есләм Зікібаев

БƏРІНЕН ДЕ...

Талай естен танатын жиын болар,
Сол жиынға бара алсаң, сыйың да оңар.
Сыртың бүтін ақынсыз, ішің түтін...
Бірақ сенің ұғар ма күйіңді олар?
Затың қайдам, даңғара атың қандай,
Жалпақ жұртты қоғаша жапырғандай.
Сыйың болса тəуба де, күйің болса,
Қатарыңнан қалдырмай шақырғандай.
Құнсызданса теңгең де тиын болар,
Көңілің де алай-дүлей құйын болар.
Ұша алмаған аққудай қар үстінде
Үсіп жатсаң тобыңнан қалып қалып
Бəрінен де сол саған қиын болар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу